Ниццада мерт болған қазақстандықтардың мәйіті елге жеткізілді

/uploads/thumbnail/20170709042718840_small.jpg

Бүгін Павлодарға Ниццадағы теракт кезінде мерт болған Любовь, Марина және Сильвия Панченколардың мәйіттері жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұшақта қаза тапқан әйелі, қызы және немересімен Леонид Панченко, сонымен қатар  Маринаның күйеуі Түркия азаматы болды.  Әуежайда оларды отбасының туыстары мен жақындары қарсы алды.   

Олардың хабарлауынша, ертең сағат 11.00-де Благовещенск кафедралды соборында теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салады. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 14 шілдеде Ницца қаласында (Франция) орын алды. Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды жаншып өткен.  Қаза тапқандардың қатарында Панченконың жанұясы болды. Сол терактіде 85 адам ажал құшты.

Әйелі, қызы және немересінің өлімі туралы Л.М.Панченко 17 шілдеде ғана білді.

Құрбандардың мүрделерін Қазақстанға тасымалдауға кеткен барлық шығынды франциялық тарап өтеді.

Қатысты Мақалалар