Қазақстан туризмі: Бурабайда тамақтану ақысына дәретхана бағасы да қосылады

/uploads/thumbnail/20170709042720294_small.jpg

Қазақстанда туризміне кімді кінәлаймыз?

Қазақстандық демалыс орындарынының мейрамханаларында тіпті дәретхана ақысы да есепшотқа жазылады, - деп жазады Qamshy.kz.

Daulet Koke есімді Фейсбук қолданушысы желіге мейрамхана есепшотының суретін салып, желі қолданушылары онда қосылған дәретхана ақысын сынға алды.

«Бурабайға бардым. Дәретхана – мейрамхана ақысына кіреді – бұл керемет! Туризм дамып келеді!» деп жазды фото авторы.

Мейрамхана есепшотының түбіртегінде дәретхана ақысы 50 теңге екені көрсетілген.

Ал желі қолданушылары демалыс орнында бұл бұрыннан бар нәрсе кенін айтып, жарыса жазуда.

Фото авторын қолдаған желі қолданушылары Қазақстанның туризм саласы үшін ұят нәрсе екенін айтуда.

«Мәселе ақшада емес, менталитетте. Сіз елестетіп көріңізші, келген туристер не айтады... Қазақтар біздің дәретханаға өанша рет барғанымызды санады деп айтады...» деген Жоламан Абылғазин қазақстандықтар мұндай бағаға өз елімізде демала алмайтынын, сондықтан арзан деп, шетелде демалатынын алға тартты.

Біршама желі қолданушылары мұны дұрыс емес  деп даттап жатқанда, мейрамхананың ас ақысына дәретхана ақысын қосқанды дұрыс деп санайтындар да пікір білдіріп жатты.

«Мен оларды түсінемін. Біз де онда демалдық, олардың тарифтері барлық жағынан ақтайды» деген Мадина Жакьянова есімді қолданушы Бурабайда қоғамдық дәретханалардың жоқтығын, сол үшін демалушылар кез-келген мейрамхана кіріп, ол жердің қонағы болмаса да дәрет сындырып кететінін айтқан қолданушы мейрамхана дәретханасының тым ластанып кететінін жазды.

«Бұл кім қалайды сол кіре береді. Ал дәретхананың тазалығын бақылауды ешкім қаламайды. Тазалық үшін 50 теңге арзымайтын нәрсе» дейді мадина Жакьянова.

Тамақтану ақысына дәретхана бағасын қосқан «Жұмбақтас» мейрамханасының Фейсбуктегі парақшасында да бұл мәселеге қатысты ресми жауап берілді.

«Біз бес жыл бойы бұл қызметті тегін-ақ қылғанбыз. Алайда қолданушылар бастарын, аяқтарын жуып, ластай берген соң ақылы қылдық. Өйткені сыртта қоғамдық дәретхана жоқ. Біздегі тым ластанып кететін болғандықтан бұл қызметті ақылы қылуға мәжбүр болдық» деген  мейрамхана үйлестірушілері Бурабайдағы дәретхана – қоғамдық проблема екенін, бұл мәселемен әкімдік айналысу керектігін алға тартқан.

Тілшілерге берген жауабында Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғар бұл мәселеде ең бірінші сол мекеменің имиджіне кері әсер ететінін айтты.

Оның пікірінше, Қазақстанның туризм саласында бірыңғай стандарттарын ұстануға тиіс және демалыс үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарға міндеттеу керек.

-Стандарттар инфрақұрылым қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органы (жағажай, киім ауыстыру, әжетхана және душ үшін орындар) міндеттейтіні бар. Мен осы мәселе бойынша Ақмола облысының әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевке сұраныс жібердім. Жауабы алдағы уақытта келеді, - деді министр кеңесшісі.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан туризмін дамытуды осындай ұсақ-түйектен бастау керектігін айтуда.

Қалай дегенмен де, сырттан келуші туристердің тамақтану ақысына дәретхана бағасын қосу – сол мекеменің емес, Қазақстанның имиджіне ұят екенін ескеру керек.

Қатысты Мақалалар