Оңтүстікте 3 жылда 32 мың отбасылық юордақылау алаңы ашылуы тиіс, - деп хабарлайды Qamshy.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ОҚО әкім болып тұрғанда аймақта қолға алынған шаруа - шағын қосалқы шаруашылықтар құру мен республикалық деңгейде отбасылық бордақылау алаңдарын ашу болатын. Жұмыс істеу, яғни жүзеге асыру принципі өте қарапайым.
Кәдімгі қораңызға мемлекеттен субсидия алу арқылы 10-15 ірі қара сатып алып, 6 ай бордақылап, етке өткізіп отырасыз, бітті. Ол үшін ірі шаруашылықтардан 495 мың бас бұқашақтар да дайын тұр деген сөз. Исабекұлының есебі бойынша алдағы 3 жылда 32 мың отбасылық бордақылау алаңы ашылуы тиіс. Бұл қосымша 100 мың тонна ет өндіруге мүмкіндік береді екен. Орташа есеппен 65 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады екен.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығымен айналысушылар мемлекеттен субцидия алу үшін алдымен еңбектерінің сапасын көрсетуі тиіс. Ол үшін Оңтүстік Қазақстандың мал шаруалары саннан сапаға көшіп, алдын ала асыл тұқымды мал алу үшін, бордақылау жұмыстарының басын бастап та үлгерген. Енді мемлекеттік субсидияны күту қалды дейді шаруалар.
Егер осы бағдарлама жүзеге асса, жыл сайын жергілікті бюджеттерге 3 млрд. тг. салық түрінде түсім түседі екен. Мемлекеттен субсидия алу арқылы 10-15 ірі қара сатып алып, 6 ай бордақылап, етке өткізіп отырасыз, бітті. Ол үшін ірі шаруашылықтардан 495 мың бас бұқашақтар да дайын тұр.