Американың Федереалды тергеу бюросы журналистердің компютеріне бұзып кіру ісін тергеп жатыр. Осыған дейін белгілі болғандай, Америка бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін бірқатар журналистерге хакерлер шабуыл жасаған. «АҚШ бұл іске Ресей арнайы қызметін кінәлауда деп хабарлайды» CNN, шенеуніктерге сілтеме жасап. Хакерлердің шабуылына ұшырағандардың арасында «The New York Times» басылымы да бар. Алайда Федералды тергеу бюросы бұл туралы нақты ақпарат берген жоқ.
Маусым айының соңында WikiLeaks сайты Демократиялық партияның ұлттық комитетінің 20 мыңға жуық электронды хатын жариялаған. Бұдан партияның сайлау алды науқанда Хиллари Клинтонға арнайы қолдау көрсеткені әшкере болған.
Демократтардың хакерлік шабуылға ұшырауына Ресейді кінәлаған Американың арнайы қызметінің мәлімдемесіне пікір білдірген Ресейдің СІМ Сергей Лавров бұған қатысты балағат сөздерді қоданғысы келмейтінін айтқан болатын.
Пікір қалдыру