Италиядағы қатты жер сілкінісінің видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709055913324_small.jpg

Желіде Италияның орталық бөлігінде орын алған қуатты жер сілкінісін көрген адамдардың видео жазбасы жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

6,0 магнитудалы жер сілкінісі  Апеннин асуы аумағында орын алды. Жер асты дүмпулері Перудже, Риети, Норче қалаларында да болды. Күндіз тағы жер сілкінісі тіркелді. Оның дүмпуі елдің астанасы Римде де сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан 73 адам қаза тапқан. Жүзден астам адам хабар-ошарсыз қалса, 2,5 мыңдай адам апат аймағынан эвакуацияланды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ, достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қатысты Мақалалар