Тараздық кәсіпкерлер Елбасыдан көмек сұрайды

/uploads/thumbnail/20170709060124122_small.jpg

Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында сауда жасайтын кәсіпкерлер атынан жеке кәсіпкер Жұмакүл Алпысбаева Президент атына Ашық хат жазып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Кәсіпкер қала басшылығы түрлі сылтаулармен базардың жұмысына кедергі келтіріп отырғанын айтады. Төменде Елбасы атына жазылған хат мәтінін жариялап отырмыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

мырзаға

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізге қайырылып отырған Тараз қаласының тұрғыны «Ауыл Береке» базарының кәсіпкері Алпысбаева Жұмакүл Алімқызы. Зейнеткермін, 2-ші Элеваторная 40 үйінің тұрғынымын.  Жоғарыда аталған «Ауыл Береке» базарында кәсіпкерлікпен айналасып, күнін көріп жүрген 3000 (үш мың) адамның мұң мен зарын айтұға мәжбүр болып отырмын.

Тараз қаласының орталығында бұрыңғы Көк базар 2012 жылы жабылып, облыс әкімінің шешімімен «Атакент», «Орталық базар» және «Ауыл Береке» базарлары болып жеке-жеке отау тігіп, кала шетіне шығарылды. Біз еңбектеніп отырған «Ауыл Береке» базары бұрыңғы ет комбинатының орнына (бос жерге айналып калған еді) орналасты.

Бұл базар иесіне рахмет, бірінші күннен келіп орналасамын – деген кәсіп иелерінің бәрін жылы қабылдап, жағдайымызды жасады, әліде жасалуда. Бұрын қаңырап бос жатқан аумақта бүгін жан бітті. Заманымызға сай үлкен сауда кешені бой көтерді. Бүкіл базар аймағы қоршалып, күннен, жаңбыр-қардан қорғайтын шатырлар жасылынып, жүргіншілер жағына плитка төселіп, көлік жолдары асфальтанды. Ауыз су, кәріз жүйесі, аймақ түгел электрленіп жарық мәселесі және автобус қатынастары түгел шешілді.

Құрметті Нұреке!

(Бұлай жазғаныма кешірім өтінемін. Өз арамызда біз Сізді осылай атаймыз).    

2014-2015 жылдары базар аумағында жарылғыш зат қойылды  – деп  үш-төрт рет жалған ақпарат таратылып халықты әбден дүрбелеңге салды. Соның салдарынан бірнеше күн базарымыз жұмыс істемей тұрды. Бірнеше рет қасақана өрт салу фактілері орын алды. Тіптен, өткен жылы автокөлікке жарылғыш заттарды толтырып, базардың ортасында жармақ болған әрекетті біздің қызметкерлер қырағалық танытып үлкен аппатың алдын алып үлгерді. (Құдай сақтады, егер апат орын алғанда қанша адам зардап шегер еді.)

Соңғы кезде облыстық прокуратураға, СЭС-ке біздің үстімізден шағым түсірушілер жиілеп, сол бойынша тексерулер көбейді.

Таңқаларлығы сол-осы біздің басымыздан өтіп жатқан жағдайларды облыс, қала басшылары т.б. құзырлы мекеме басшылары біле тұра ешқандай шара қолданбауы, бізге бақталастық танытып, жұмысымызға кедергі жасаушы «Орталық базар» өкілдері. Олардың қаскөйлік келтіруші адамдары (Базарға жарылғыш зат толтырылған автомашина егелері мен орындаушылары да А.Садырбаевтың адамдары болып шықты) оны мойындап та отыр.

Оны аз деп базардың жерін тартып аламыз деп дау шығаруда. Осынша еңбек етіліп, шығын шығарған «Ауыл Береке» базарына қосымша берілген жерді «мемлекет тарапына қайтарылсын»-деп, облыс прокуроры Сыбанкулов Е. М. мырзаның тапсырмасымен қала әкімшілігі бізді сотқа беріп отыр. Осыншама қыруар жұмыс оңайлықпен атқарыла қоймағанын көзі қарықты жандар түсінсе керек. Соңғы жылдардағы басымыздан өтіп жатқан келеңсіз жайлар тұрасында Сізге айтуға мәжбүр болып отырмыз.

Құрметті Нұраға!

Біздің шыдамымыз шегіне жетті. Өзіңізден араша сұраймыз. «Ауыл Береке» базарының үш мыңдай кәсіпкерінің отбасы мүшелерін есепке алсақ 15000 (он бес) болады екенбіз. Сол өзіңіздің 15000 (он бес мың) халқыңыздың атынан сұраймыз!

Үлкен құрметпен:

Арыз иесі: Алпысбаева Жұмакүл Алімқызы

Қатысты Мақалалар