Алматыда халықаралық жастар форумы өтуде

/uploads/thumbnail/20170709060151107_small.jpg

Дүниежүзілік Жастар күніне орай бүгін Алматы шаһарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының үлкен мәжіліс залында тұрақты даму жөніндегі жастардың тұңғыш халықаралық фоурмы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазақстан, Чехия, Қырғыз Республикасы, т.б. мемлекеттердің өкілдері қатысқан алқалы жиында жаһандық дамуға бағытталған іргелі жобалардың таныстырылымы болды.

 Жиынның ашылуында сөз сөйлеген БҰҰ-ның ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек жастардың халықаралық ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталды. Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Елнұр Бейсенбаев қала көлемінде жүзеге асып жатқан бағадарламалар туралы баяндады.

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының басшысы Андрей Шевелев «Бізде жалғыз ғана Планета бар, ол —  Жер шары» деген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның сөзін келтіре отырып, әлемді сақтап қалуда жастардың басты қозғаушы күш екендігін баса көрсетті.

Чехия Премьер министрінің экс-кеңесшісі, Ауғанстан мен Югославияда қарулы қақтығыстар кезінде гуманитарлық қызметкер болған белгілі журналист Матиаш Зрно сөз сөйлеп, Ауғанстанда ондаған жылдар өтсе де түйткілді мәселелердің шешілмеу себептеріне тоқталды. Одан кейін сөз алған Алматы қаласы әкімінің инновациялар мен урбанистика жөніндегі кеңесшісі Әсет Абуалиев  шаһарды дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан IT жобаларды тоқталды.

Ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, көлік және коммуникация, азық-түлік қауіпсіздігі, т.б. бағыттар бойынша талқылаулар өткен форумда Арсен Рысдаулетов, Ринат Тухватшин, Жана Байтелова, Бакыт Ханиев, Ерзат Корганов, Темирлан Зубайраев, Аим Орысбаева, Акбота Нуралим, т.б.жоба жетекшілері өз идеяларын ортаға салды. Форум жұмысы секциялар бойынша жалғасын табуда.

Шарафат Жылқыбаева

Қатысты Мақалалар