Елбасы Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен наградтады

/uploads/thumbnail/20170709060138607_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Qamshy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит те тақты. Президент оның медалін алтынмен апара-пар деген бағасын берді. 

«Барыс» ордені - Қазақстан Республикасының ордені.

Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.

Қатысты Мақалалар