Эдинбург зообағында тіршілік ететін Нильс Улаф деген пингвинге Норвегияның Королева гвардиясының генералы шені атағы берілді. Бұған дейін бұл құс полковник болған. Бұл туралы аталмыш зообақтың Edinburgh Zoo сайты хабарлайды.
Зообақ аумағында өткен салтанатты рәсімге 50 гавардияшы қатысқан. Құс сап түзеген әскери қызметкерлердің алдынан жүріп өткен. Алғашқы Королева пингвині Норвегия Эдинбург зообағына 1913 жылы сыйға тартылған болатын. 1972 жылдан бері Королева гвардиясының бойтұмарына айналған құсқа гвардияшылар Эдинбург зообағына әр келген сайын кезекті әскери атақ береді. Құстың орташа әскери қызметі 15-20 жыл екен.