Йеменде қақтығыстар күшейді

/uploads/thumbnail/20170708152359617_small.jpg

Астана Сана мен Мукалла қаласында кеше ұйымдастырылған шабуылдарда 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды trtkazakhсайты.

Порт қаласы Мукаллада бір полиция бекетіне жасалған жанкешті шабуылда ең кемінде 12 адам қаза тапты. Әл-каида ұйымы екені болжалған шабуылшының бомба орналастырылған автокөлігінің полиция бекеті маңында жарылуы нәтижесінде 15 адам да жарақат алды.

Кеше азанғы уақытта да астана Санадағы президент сарайы маңындағы бір бақылау бекетіне қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Шыққан қақтығыста 3 шабуылшы мен 1 жазықсыз адам қаза тапты.

Бірдей бақылау бекетіне жұма күні де Әл-каида қарасты ұйым мүшелері тарапынан жасалған шабуылда 5 адам қаза тапқан болатын.

Қатысты Мақалалар