Мәжіліске Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Джирга Волеси Аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары келді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Джирга Волеси Аппаратынан үйрену-танысу мақсатымен делегация келді, деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі
Сапар шеңберінде Мәжіліс Аппаратының Басшысымен кездесу, салалық комитеттер мен құрылымдық бөлімдер қызметімен танысу және де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ісі агенттігінде болып мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісімен танысу жоспарланған.
Сонымен қатар олар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде болып Ауған елінен келіп оқып жатқан студенттермен де жүздесетін болады.
Делегация құрамында Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Джирга Волеси Аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары бар.