«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізілді. Үкімет қаулысы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды BAQ.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» делінген Премьер-министр К.Мәсімовтың қолы қойылған қаулыда. Яғни, қаулы қосымшасында оралмандардың қоныстануы үшін еліміздің 14 облысы түгелдей қамтылған.