Түркияда үш күн қаралы деп жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708152414213_small.jpg

 Түркиядаға шахтада болған апатқа байланысты үш күн қаралы деп жарияланды, деп хабарлады 24kz Бұл туралы елдің Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланды. Қазірге дейін апаттан ажал құшқан адам саны 205-ке жетіп, 80-ге жуық жұмысшыға ауруханада дәрігерлік көмек көрсетілуде. Бұған дейін ақпарат көздері 201 адамның қаза тапқаны жайлы хабарлаған болатын. Құрбандар қатары әлі де көбеюі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлдан 250 шақырым жердегі Сома қаласындағы кен орнында электр желісінің тұйықталуынан өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Апат кезінде жер астында 780-ге жуық кенші болған. Олардың 280-і жер бетіне өздері аман шыққан. Шахтада қалған жүздеген адамның жағдайы беймәлім. Қазір оқиға орнында шұғыл түрде құтқару-іздестіру жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар