"... Алпысқа келу керек Ұлықбекше"

/uploads/thumbnail/20170708152415433_small.jpg

Өлең-сөздің хас шебері, қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулет биыл 60 жасқа толды. Осыған  орай, 14 мамыр күні  Алматы  қаласындағы  Абай атындағы  опера  және  балет театрында  ақынның мерейтойлық шығармашылық кеші  өтті. 

10346854_519116068193841_1391829795_n    Онға тарта жыр жинақтарының  авторы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының  лауреаты. "Құрмет" орденінің иегері және  «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы  ақынның  Ұлықбек Есдәулеттің кеші "Жылқы жылындағы жүздесу" деп  аталды.  Кешке Секен Тұрысбеков, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Меруерт Түсіпбаева, Айтгүл, Қанат Құдайбергеновтер сынды өнер жұлдыздары қатысып, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап шықты.  Несіпбек  Айтұлы, Шөмішбай Сариев, Бауыржан Жақып секілді қаламдас достары ақынға арнап  өлең оқып, ақ тілектерін  жолдады. Ақын өлеңдерін шеттілдерге аударған замандастары қатысып, ақын туралы  естеліктерімен бөлісті.

Бұдан бөлек, Ұлықбек Есдәулетті асқарлы 60 жасқа толуымен қала және облыс әкімдері, ақын-шайырлар құттықтап, ақынның туған өлкесі Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі темір тұлпар мінгізді. Классик ақынды құрметке бөлеп, Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденімен марапаттады. 

Кішілер Ұл-аға, үлкендер  Ұлқаш деп құрметтейтін,  қазақ поэзиясын көркем шығармаларымен кестелеген дарынды ақынның мерейтойлық шығармашылық кеші әсерлі өтті.

Сурет түсірген  Азамат Құсайынов

Қатысты Мақалалар