ҚР Президенті Н.Назарбаевқа
ҚР Премьер-министірі К.Мәсімовке
Парламент депутаттарына
Павлодар облысы әкімі К.Бозымбаевке
Ашық хат
Осы елдің азаматтары ретінде, Отан қорғаушылар күнін атап өтпекші ниетте көк жалаушаларымызды алып, Керекудегі облыс әкімшілігі алдындағы барлық мемлекеттік мерекелер тойланатын алаңмен өтпек болғанбыз. Әкімшілік ұйымдастырса ішінде болып, болмаса өзіміз өтеміз деп келістік. Кішкене форматтағы көк байрақтарымызды сатып алмақ ниетте 5-6 дүкендерді, бутиктерді аралағанымда, таңқалғаным, барлығында дерлік көрші елдің, 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысы да жоқ империялық символы- георгий ленталары.
18 ғасырда Екатерина ІІ патшайымымен тағайындалған «Орден святого Георгия», «Георгиевский крест» - бұл лентаға бекітілген аталмыш марапаттар. Негізінен орыстардың басқа жерлерді, халықтарды жаулап алушылық, басқыншылық жорықтарында беріліп келген марапат. Мысалы, орден «За походы в Центральную Азию», «За взятие г.Чимкента», солай кете береді. Әулие георгий ордендерімен, кресімен 1916 ж. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде, қазақ ауылдарын адамдарымен түгін қалдырмай өртеп жібергендер, Әулие-Ата (Тараз) тұрғындарын түгелдей қырған генерал Черняев, Жетысуды алғандар, орыс озбырлығынан Қоқанға қашқан қазақ босқындарын қырып салғандар марапатталған. Өткен ғасырдың басындағы георгий лентасындағы марапаттармен ақ гвардияшылар пайдаланған, 2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс жағына шыққан Генерал Власовтың, КОНР «Комитет освобождения народов россии», РОА - «Русская освободительная армия» - қолданған марапаттары болған. 1943 ж. 2-ші дүниежүзілік соғыста, кеңес одағы гвардейская лента ретінде кеңес ордендерімен медалдарын сол лентаға асқан. Кейіннен 1992 жылдан бастап қазіргі Ресейде қайтадан империяның символы ретінде Георгий кресі марапаттарға енгізілген. 2005ж. Ресей жорналшыларымен басталған, георгий лентасын, 41-45ж. соғыстағы – жеңіс белгісі ретінде пайдалану акциясы пайда болған да, Ресей оны өз мүддесіне пайдаланып (кезінде біздің отарымыз болғандарыңызды ұмытпаңдар дегендей ниетпен, басқаша түсіндіруге болады: гвардейский емес, георгий ленталарын таратушылықтарын?) барлық дерлік посткеңестік аймақтарға тарата бастаған, бір қызығы жергілікті биліктердің қолдауымен.
Ал біздің көк тумызды бір ғана «Эврика» дүкенінен тауып алдым. Бірақ, менің «Неге георгий ленталарын тағып алдыңыздар, егер Қазақстан азаматы болсаңыздар, бүгін Отан қорғаушылардың күні» дедім де ленталардың шығу, қолдану тарихын айта бастап едім, «Ничего не будем продавать, уходи отсюда» деп қуып жіберді.
Жазғандарыма байланысты бірінші сұрақ:
Қай мемлекетте туларының, басқа да мемлекеттік символикалардың орнына көрші мемлекеттің империялық, кезінде жерлерін отаршылыққа алғандағы марапат символикаларын қойып қояды және тегін таратылуына жол беріледі? Бұл азат қазақ елі, қазақ жері үшін қасық қандары қалғанша күресіп өткен батыр бабаларымыздың аруақтарын ашықтан-ашық қорлау ғой?
Негізі 1, 9 мамыр күні қаланың бас алаңында жүздеген адамдардың қатысуымен керемет шоу - шаралар өтеді де, 7-де, мамырдағы мерекелердің ең маңызды мерекесі - қаладағы мәдениет ошақтарына тығылып тасталынған. Қазақ еліне әуелі тәуелсіздік қымбат, ал сол тәуелсіздігіміздің кепілі - Отан қорғаушыларымыз екенін түсіндіру артық болар. Құрметті Президент мырза, жуықта сіз де, басты құндылығымыз тәуелсіздік дегенсіз.
6-сы күні, алаңнан өте бергенде, ондағы 9 мамырға дайындық, орыс тіліндегі репетиция аяқталып жатты да (мемлекет тілінде ешуақытта болған да емес), өткізіп жатқан адам: «Все, спасибо, расходимся, завтра жду в 16-00» деді. Қызығы, 7-де, сағ.10-ның төңірегінде, алаңдағы меркелік шараларды алыстан қарап, бәрекелді, Отан қорғаушылар күнін тойлап жатқан екен, қосылу керек деген ниетпен алаң маңына келсем, Отан қорғаушылар мерекесі емес, 9 мамырға репетиция екен!
Ұққаным, масқарасы, мемлекеттік мереке, Отан қорғаушылар күні көк байрақшаларымызбен (митинг туралы сөз де болған жоқ), алаңмен 1 квартал өтеміз дегенімізді біліп, 7-дегі сағат 16-ға белгіленген репетицияны, алаңмен бізді өткізбеу мақсатында таңертеңгі сағат онға шегергенге ұқсайды. Бұлай деуімнің себебі, 2 адаммен: Қалиев М. пен Қоңыров Т. атты ағалармен Нәйлә және әкім аппаратынан бейтаныс біреу: неге алаңға шықтыңдар сарынында әңгіме құрған.
Осы жағдайға байланысты екінші сұрақ: қай мемлекет өз туын алып, өз мерекесін ұлықтайтын адамдарға тосқауыл қояды?
Мерекелік күн полицияға арыз жазумен аяқталды. Ішкі саясаттан шығып үйге беттеген жолда георгий лентасын таққан адамды кездестірдім. Оған да сатушыларға айтқандарымдай сөздерімді, және осынысымен қазақтарды, мемлекетті ашық басынып тұрғанын айттым. Ол «Русская империя лучше чем Казахстан» деді. Мен интернеттен алынған KZ_ONLINE сайтына сілтеме жасалған, «ҚР не рекомендованно носить эти ленты...» дегенді көрсеткен едім, «Мало ли чего ваш Назарбаев будет говорить», дегеннен полицияны шақыруға мәжбүр болдым. Бірақ, алдағы ашық хатта жазғанымдай, полиция осыным үшін керісінше мені сотқа сүйрей жөнелсе таңқалмаймын.
Өйткені, үстінде жазылғандардан әр көзі ашық адам, ел басындағылардың осы мемлекеттің емес, көрші мемлекеттің сойылын соғып отырғанын көреді. Оған қосымша төменгі сұрақ - дәлелдер:
- Қай мемлекетте төлқұжаттарын, жеке куәліктерін, әдейі, қазақша мүлдем түсінбейтін оралмандарға да, орысша бланкі толтыртып, соның негіздемесінде орысша толтырдың деп, орысша береді? Әр мемлекетте, ол елдің азаматтарының бірінші құжаты тек ол мемлекет тілінде емес пе? Тек сыртқа шығатын паспорттар бірнеше тілде толтырылуы мүмкін.
- Қай мемлекет, өз жерлерін ластандыруға қарсы шығатын азаматтарды жазалайды? Бұл да Ресей мүддесіне жасалып отырған шаруа екенін әр адам көріп отыр.
- Былтырлар қазақ көші тоқталып қалғаны да Ресей мемлекетінің басқыншылық мүддесіне қарай, шекаралас территориямызды ашық қалуы үшін істеліп жатқан жағдай деп ойлауға толық құқымыз бар. Себеп Украинадағы жағдай. Аллаға шүкір, араларыңызда осы мемлекетті ойлайтындар барлығынан көш қайта жаңғырылады екен. Бірақта биліктегі ресейшілдер, олай айтуға осында тізіліп өтілген, қалып қойған да масқарашылықтарға байланысты толық құқымыз бар, көштің нақты орындалу механизміне кедергі жасап созып отыр. Өйткені біршама уақыт өтті, кейбір маңызы жоқ (аз) қаулылардың істелу механизмінің лезде іске асатынын ескерсек, тактикалық, стратегиялық жағынан да, ел қауіпсіздігіне тікелей маңызы бар шара, жаңа ғана облыстарға ақпарат ретінде ғана жеткізіліп отыр. Қашан, қалай іске асатыны белгісіз. Неге? Бұл тағы тәуелсіз мелекеттілігіміздің мүддесіне емес. Неге?
- Байқоңыр қаласы, басқа да ресей полигодары алып жатқан миллиондаған гектар қазақ жерлері халықпен келісілмей, Ресейге берілген. Оның артық, тым құрғанда олармен пайдаланбайтын жерлерді қайтаруға ниет білдіретін қазақ тәуелсіздігінің кепілі, рухты да батыл ұлдарымыз бен қыздарымыз не үшін жазаланады?
- Неліктен мемлекеттің үлкен бөлік аймақтарында, қоғамдық, басқа да қарым қатынас, аудармасыз іс қағаздары 90 пайыздай орыс тілінде? Неліктен бюджеттің, бізден - салық төлеушілердің ақшасынан құралған қаржы, мемлекеттік тілді тұғырына қондыратын желеумен бостан-босқа құрдымға кетеді? Бұл қылмысқа, оның құрамында қазақты орысқа ассимиляциялау пиғылы - тікелей, кім жауап береді? Не 2020, не 2025 жылдар тіл тұғырына қонбақ емес. Өйткені 70-80 пайызға дейін балабақшалар мен мектептер орыстілді, не араластілді (араластілді-орыстілді екенін, барша мәдени-тәрбие ісі орыс тілінде жүргізілгендіктен, баршаға аян).
Осы елдің тілінде сөйлеген адамға: «националистка, провокатор, фашистка» деген айдарлар тағылуына, қызмет көрсетілмей қуылуына жағдай жасап отырған жергілікті билікті ҚР мемлекеттілігін тәуелсіздігін нығайтуға әрекет жасап отыр деп кім айтады?
- Билік неліктен өткен ғасырдың 20-30 жылдары бүкіл қазақ қаймағын, Алаш ардақтыларын атып тастаған НКВД формасын киген, қанішер НКВД-ны насихаттаушыларды жазаламай, оларға жұрттың көзінше «Аңыз адам» сықылды сүйікті жорналымызды өртеуге рұқсат береді? Олардың жорналда не жазылғанын оқымағандығы барша жұртқа әйгілі болды емеспе? Бұдан айқын көрініп отырған қорытынды: бұл көрші мемлекеттің империялық пиғылын біздің елде іске асырушылардың билік тарапынан қолдаушылыққа ие екенінің көрінісі.
Орыстың Жириновский, Лимонов, т.б. толып жатқан, тәуелсіздігімізді талқандап, Қазақстанды қайтадан колония қылуға құлшынып отырғандармен, көрші, өздеріне бауырлас Украинаның жерлерін басып алғандармен одақ болу - оларды нақтылы сол арманына жеткізу деп есептейміз. Қазірдің өзінде, еститіндеріміз: «Я живу в Омской губернии, почитайте, интернет, никакой это не Казахстан», алдындағы ашық хатқа жазғанымдай, «Скоро здесь будет россия, а вы со своим казахским языком идите в свои степи, пасите своих баран!», «Скоро ваш язык никому не нужен будет, мы объединяемся с Россией!». Ал енді мықты болсаңыздар, еліміздегі дайын отырған бесінші колоннаның санасын өзгертіңіздер? Осындай сананың қалыптасуына тікелей жұмыс жасаған осында айтылған, қалыс қалған да (барлығын бір хатта тізу мүмкін емес) факторлар.
Соңында нақтылы, үстінде жазылғандарға байланысты, қорытынды сұрақ: Ресей мүддесіне жұмыс жасап жатқан мемлекет басындағылардың әрекеті қашан бұғауланады, құрметті Елбасы?
Және мемлекеттің бірінші адамы болғандықтан, жазылғандарға байланысты мемлекетілігімізге тікелей қауіп төндіретін фактілер үшін бірінші жауапкершілік өз мойныңызда екенін түсінесіз деп есептейміз, құрметті Президент мырза.
Құрметпен, Бейсенбай тегі Р. «Желтоқсан Ақиқаты» Павлодар облыстық филиалының төрайымы
Кереку қ., Қайырбаев к. 104-136, т.8(7182)-51-10-50, 8701-182-52-65,
Қалиев М. ОСДП партиясының мүшесі, Кереку қ., т.8701-962-60-82,
Нұрбаев Қ.Ж. тарих ғ.д., профессор, Кереку қ., т. 8705-866-46-59,
Баязитов Қ. құрметті теміржолы, Кереку қ., т. 8702-140-33-85,
Нәбиев Қ. қоғам қайраткеткері, павлодар обл., Ақсу қ., т. 8705-384-09-31,
Бұрхат Ш. заңгер, павлодар обл., Ақсу қ., т.87014448462
Cейдалиева Г. жұмысшы, т.8778-289-00-71,
Тоқтасын А. бала күтуіндегі, т.8778-468-0268,
Мырзағали Г. студент, т.8775-773-00-60,
Дюсенбина Г., зейнеткер, кітапханашы, т. 8777-625-81-58.