Microsoft Қазақстан жаңа жобаны іске қосты

/uploads/thumbnail/20170708152419139_small.jpeg

Microsoft Қазақстан және Тұңғыш Президент Қоры  бірлесе  отырып, білім берудегі пилоттық жобаның іске қосылды

2014 жылдың 14 мамырында сәрсенбі күні Қаскелең қаласында Microsoft Қазақстан компаниясының өкілдері «Білім берудегі серіктестік» (Partners in Learning) бағдарламасы шеңберінде Тұңғыш Президент Қорының қолдау көрсетуімен оқыту үрдісінде инновациялық АТ-технологияларды қолдану жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлады. Аталған жобаның шеңберінде Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта гимназия-мектебіне ішінде білім беруге арналған Office 365,  Autocollage және DeepZoom секілді білім беру бағдарламалары мен қосымшалары бар  Windows 8.1 операциялық жүйесінің негізінде жұмыс жасайтын  ASUS Transformer Book T100 ұтқыр ноутбугының 13 саны тапсырылды. Сонымен қатар,  оқыту үрдісінде ұтқыр ноутбуктер мен бұлттық қызметтерді қолдану бойынша мұғалімдерге арналған тренингтер өткізіліп, Microsoft-тың инновациялық мұғалімдерінің  www.pil-network.com порталында қолжеткізуге болатын қосымшалар таныстырылды. Іс-шараға келесі тұлғалар қатысты:

  • Жанар Рахымжанова, білім беру секторымен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі, Microsoft Қазақстан;
  • Еркін Исрайылов, Тұңғыш Президент Қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім беру қоры» Корпоративтік қорының атқарушы директоры;
  • Тұрсын Сайбырова, Абай атындағы орта гимназия-мектебінің директоры.

Сапалы білім алу – адамның негізгі құқығы ғана емес, сонымен бірге келешекке құйылатын ең басты инвестиция. Ол - жекелеген қолданушыларға ғана емес, сонымен бірге жаһандық ауқымда жедел дамып жатқан еңбек құрылымындағы тұтастай бір қауымдастықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге қолжеткізудің кілті. «Алдағы 10 жылда құрылатын жұмыс орындарының 80 пайыздан астамы компьютерлік сауаттылық дағдыларын қажет ететін болады. 21 ғасырдағы кез келген дерлік жұмыс сыни ойлай білу, тиімді қарым-қатынас құру және үйлесімді түрде бірлесе жұмыс жасай білу дағдыларын қажет етеді. Қазіргі заманның осындай талаптарына жауап беру әрбір оқушымен жеке дара жұмыс жасай алатын және оқыту үрдісінде АТ-технологияларды қолданатын оқытушылар болған жағдайда ғана мүмкін болып табылады», - деп атап өтті  Microsoft Қазақстанның  білім беру секторымен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Жанар Рахымжанова.

«Білім беру үрдісінде ұтқыр ноутбуктарды пайдалану көптеген қолайлы жағдайларды ұсынады. Білім беру үрдісінде оқытушы мен оқушының қолданатын бүкіл ақпараты кез келген уақытта қолжетімді болатын жеңіл әрі ұтқыр құрылғыда сақталады. Қызықты әрі ойын-сауық түріндегі бағдарламалар мен қосымшалар көмегімен оқытудың интерактивтілігі арта түседі. Көзбен көруге болатын, кеңістікте орналасатын оқыту әдістері оқушылардың зейінін шоғырландырудың оңтайлы деңгейін барынша қамтамасыз ететінін соңғы зерттеулер көрсетіп отыр», - деді Тұңғыш Президент Қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім беру қоры» Корпоративтік қорының атқарушы директоры Еркін Исрайылов.

«Білім берудегі серіктестік» (Partners in Learning) бағдарламасы бұл –  ақпараттық технологияларды қолдану арқылы педагогтар мен оқушыларға толығымен өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған Microsoft корпорациясының жаһандық бастамасы. Осы бағдарламаның арқасында оқыту мекемелерінің түлектері бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру, қарым-қатынас құру және ақпаратты сауатты түрде басқару дағдыларын игереді. «Білім берудегі серіктестік» бағдарламасы шеңберінде  Microsoft Қазақстан ҚР Білім беру министрлігімен бірлесе отырып оқытушылардың, оқушылар мен студенттердің АКТ-ға қатысты құзыреттерін дамыту бойынша іс-шараларды өткізіп, оқыту үрдісінде инновациялық тәжірибелерді қолдануға қолғабыс етеді.

Microsoft технологиялары бүкіл әлем бойынша мектептердің 98 %-да қолданылады. Компанияның кешенді шешімдері қауіпсіз түрде ең соңғы технологияларды өрістетуге және бүкіл әлемдегі оқытушылардың алдында тұрған ең өзекті мәселелерді келесі жолдармен шешуге мүмкіндік береді:

  • Өнімділік және шығармашылық. Бүгінгі күні  Microsoft Office 365-ті 110 миллион оқушы, оқытушы және оқыту мекемелерінің басқа да қызметкерлері қолданады.  Microsoft компаниясы Қазақстанда Office 365 бұлттық қызметін білім беру мекемелерінің барлығына тегін ұсынады. Аталған қызмет бірқатар университеттер, колледждер мен мектептерде белсенді түрде пайдаланылады. Атап айтқанда, Назарбаевтың Зияткерлік мектептерінде осы қызметті 10 мыңға жуық оқушы пайдаланады.
  • Біліктілікті көтеру. Microsoft оқытушыларды жаңа технологияларға оқытатын ресурстарды, оның ішінде бүкіл әлемнің 1 миллионға жуық оқытушысын қамтитын Partners in Learning Network желісін ұсынады. Мұнда біліктілікті көтеруге арналған интернет-курстарға, оқытушылардың өз әріптестеріне арнап жасаған қолданбалы нұсқау құралдары мен оқу тапсырмаларына қолжеткізуге болады.
  • Мамандарды дайындау.Microsoft IT Academyбағдарламасы шеңберінде  8,5 млн. оқытушы мен оқушы оларға өз білімдерін толықтыруға көмектесетін озық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын игеруде. Сонымен қатар Teaching With Technologyбағдарламасы шеңберінде Microsoft бүкіл әлем бойынша оқытушыларға оқыту үрдісін жақсарта отырып сынып жұмысында технологияларды табысты қолдануға көмектеседі.
  • YouthSpark бастамасы.Бұл бастамада білім алу, жұмысқа тұру және кәсіпкерлік секілді негізгі үш бағыт бойынша жастарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қолдау көрсететін  Microsoft-тың қолданыстағы және жаңа бағдарламалары біріктірілген.

Microsoft компаниясы туралы

 Microsoft компаниясы – құрылғылар, бағдарламалық жабдықтамалар мен  IT-қызметтердің кең ауқымын жеткізумен айналысатын ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы. Ол әлемнің 190-нан аса елінде жұмыс жасайтын әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі болып табылады.  Microsoft-тың өнімдері мен қызметтерінің қоржынына үстелдік және желілік операциялық жүйелер, құрылғылар (Xbox 360, Xbox One, Kinect, Surface және т.б.), серверлік қосымшалар, үстелге арналған бизнес-қосымшалар және ақырғы тұтынушыларға арналған кеңселік қосымшалар, бұлттық шешімдер, интерактивтік бағдарламалар, қызметтер мен ойындар, Интернетте жұмыс жасауға арналған құралдар, әзірлеме құралдары және тағы да басқа шешімдер кіреді.  Microsoft компаниясы Қазақстан аумағында 2002 жылдан бастап қызмет жасайды.

Қатысты Мақалалар