Тараз қаласындағы «Запчасть» электро-метталлургиялық зауытында оқыс оқиға болды. Мұнда металл балқыту жұмыстары кезінде еріген сұйық металл төгіліп, цехта істейтін жұмысшы зардап шекті. 30 жастағы жұмысшы денесінің 50 пайызын күйік шалған. Ол жедел түрде №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша беті мен денесінің белден төменгі бөлігі толықтай күйген. Өндіріс орнында болған оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Әбілсейіт Сыдықов, Тараз қалалық №2 ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Бүгінгі таңға оның жалпы жағдайы тұрақты. Бірақ өте ауыр. Ауырлық жағдайы сол алған жарақатына байланысты. Жарақаттары 1, 2, 3, бір жерлерінде 4-ші пайызға дейін, 4-ші степеньге дейін шалған.