Алматыда тағы бір базар өртенді

/uploads/thumbnail/20170708152721431_small.jpg

Алматының  Әуезов  ауданында  орналасқан  "Ақжол" сауда базары өртенді, деп  хабарлайды  ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өрт  6  маусым күні  сағат  04.27-де  басталған. 11 екі қабатты сауда  контейнерлері жана  бастаған.  Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метр. Жапа  шеккендер жоқ. Өрт  сағат 5.30 шамасында  өшірілді. Сөндіру жұмысына  60 өрт сөндіруші мен  19  техникалық құрылғы  жұмылдырылды",- делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда  базар  бірінші  рет  өртеніп  отырған  жоқ. Осыған дейін "Барахолка" базары  бірнеше  рет  өртеніп,  базар соңында  сүріліп  тасталды. Мамыр айында Түрксіб ауданында әуежайға  жақын маңда  базарды, ақпан айында Әуезов ауданында ірі шарап  қоймасын  өрт шарпыған  болатын.

 

Қатысты Мақалалар