Кана әншісі, әлемге әйгілі Нелли Фуртадо Астана күнінде елордада ән айтады. Биыл бесінші рет өтетін "Асқақтай бер, Астана!" атты би кешіне арнайы қонақ ретінде Нелли Фуртадо шақырылып отыр. Мерекелік концерт 6 шілде күні 19.00-де "Сарыарқа" велотрегінде өтеді", деп хабарайды Тенгриньюс.kz. Сонымен қатар, концертте отандық және шетелдік жұлдыздар ән шырқайтын болады. Атап айтқанда, "The Jigits", Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, группа "Пицца", Полина Гагарина және Blue тобы.
Мұндай ауқымды концерт Астана күні қарсаңында осымен бесінші рет өткізілгелі отыр. "Асқақтай бер, Астана" елорданың брендіне айналған үлкен жоба және елордалық жастарға арналған тамаша сыйлық", - дейді ұйымдастырушылар.