Бүгін Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «ИнтерСпорт-2014» екінші халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.
Көрменің ресми ашу салтанатына Алматы қ. Әкімшілігінің спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Хайрболат Хайдаров, Құранбек Сәрсен Абайұлы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, бизнес-қауымдастықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттіктің және Алматы қ. Әкімдігінің қолдауымен «КазЭкспоСервис» компаниясы болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырушылар өз сөздерінде бұл көрменің тәжірибе алмасу, кеңес беруді өткізу, спорт пен белсенді демалысты дамыту бойынша жаңа идеялармен бөлісу үшін тамаша алаң болып табылатынын, сонымен қатар ол мамандарға осы салалар дамуының соңғы беталыстарымен танысуға жол ашатынын атап өтті. Жоба спорт-индустрияның, аңшылық пен балық аулау салаларының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Жалпы көрмеге 40 аса компаниялар қатысуда. Олардың арасында «Адидас», “Maple Skate” (Нидерланд), коньки тебу спорты үшін коньки өндірушілер, “Club Central” компаниясы (Индия) регби, футбол, баскетбол үшін доптарды өндіруге маманданады. Спорттық жабындыларды өндіруші компаниялар үлкен қызығушылық тудыруда: «Эпуфлоор», «Карат», «Поликс», «Регупол», «Алмеер» және басқалар. Бұл Қазақстанда спорттық нысандардың көптеп салынып жатқандығымен түсінідіріледі. «Авангард» компаниясы спорттық креслоларды, ал «Импортер-KZ» спорт алаңдары үшін құрал-жабдықты ұсынады
Көрмеде тұңғыш рет өз өнімін спорттық мақсаттағы, сондай-ақ қаруланған күштер мен милиция үшін трикотаж киімнің өндірушісі “Garlita” литвалық компаниясы ұсынады.
«ОК – Спорт», “TENCO”, “InterSport Trade”, “«Айтас Жерi» және басқа да қазақстандық компаниялар өздерінің және шетелдік әріптестердің өнімін ұсынады.
Көрме келесідей бөлімдерде көрсетіледі:
- спорттық киім және аяқ-киім,
- спорттық тағам,
- жаттығу залдары үшін құрал-саймандар,
- стадиондар мен алаңдар үшін жабындылар,
- спорттық және балалар ойын алаңдарын жасау.
Шараның ақпараттық қолдауын «Авторадио», «Футбольные Вести» журналы, «Спортивное обозрение» журналы іске асырды.