«Протон-М» зымырантасығыш апатының себебі анықталады

/uploads/thumbnail/20170708152730108_small.jpg

«Протон-М» зымырантасығышының апатына өндірістік ақау себеп болды. Сарапшылар комиссиясы оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып, осындай қорытындыға келіп отыр. 20 адамнан құрылған комиссияның түсіндіруінше, зымырантасығышты құрастыру кезінде қателік жіберілген. Естеріңізде болса, «Протон-М» зымырантасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 16 мамырда ұшырылған. Ол орбитаға аса қуатты телекоммуникациялық жер серігін алып шығу тиіс еді. Алайда ұшудың үшінші сатысында зымыранның рөлдік қозғалтқышы істен шыққан. Салдарынан зымырантасығыш пен жер серігі Қытай аумағындағы атмосфераның қалың қабатында жанып кетті.

24.kz

Қатысты Мақалалар