"Алдараспан" әзіл-сықақ театрына - 5 жыл. Осыған орай өнерлі ұжым көрермендеріне мерекелік концерт ұсынған болатын, деп хабарлайды 31.kz. Алдараспандықтардың бұл жолғы концерті бұрынғыларынан ерекше. Айтар ойы бар әзілдерді халыққа жеткізу үшін көп дайындалдық дейді актерлар. Сапалы туындыларды сахнаға алып шығатын театр әртістерінің әрқайсысымен фильм-концерт барасында танысасыздар. Мерекелік кешке Шаншарлық Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораев та құттықтап арнайы келген. "Тука" атанып кеткен Төлендиев мырза туралы әртістер де өз ойларын білдірмек.