Серік Сәпиев үшінші рет әке атанды

/uploads/thumbnail/20170708152740083_small.jpg

      Бүгін  Олимпиада  чемпионы, әйгілі боксшы  Серік  Сәпиевтің отбасында  үлкен қуанышты оқиға  болды. Боксшы  үшінші  рет әке  атанып, үшінші рет қызды болды. Таңертеңнен  бастап,  телефонына  тыныштық бермей,  достары,  туыстары қуанышына  ортақтасып,  құттықтап  жатқан  көрінеді. Оның айтуынша,  сәбидің дені сау, ал есімі туралы әлі ойланбапты.

   - Мен әлі баланың бойы мен салмағы  туралы  ештеңе айта алмаймын. Бірақ, сау екенін білемін. Бастысы, аман-есен дүниеге келгеніне қуанып тұрмын, - дейді ол.  "Вести" сайтына  берген сұхбатында. -   Бала санын  5- ке дейін жеткізуге болады, әрине. Енді із  жалғар  ұл  баланың дүниеге  келуін армандаймын. Бірақ, ұл болсын,  қыз  болсын аман  болса болғаны. Бастысы,  осы - дейді ол.

Қатысты Мақалалар