Биші Шұғыла Сапарғалидың жеке концерті өтті

/uploads/thumbnail/20170708152739434_small.jpg

Кеше Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі биші Шұғыла Сапарғалидың «Қазағым, барым сен үшін» атты жеке концерті өтті. Бұл жолы би падишасы опера да орындап көрерменін таң қалдырды, — деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

«Үкілі ару», «Бөртенің биі», «Ай нұры» сияқты билерімен барша жұртқа танымал бишінің кешіне еңкейген қарттан құндақтағы балаға дейін келіп қатысты. Ғажап қимылды адамзат болмысымен, өмір заңдылығымен байланыстыра білетін бишінің қойылымдық билері өнер сүйер қауымды тәнті етті. Көрерменнің тіпті де таңқалғаны Шұғыланың сахнаға бірден «Time to Say Goodbye» әнін опера жұлдыздарымен бірге шырқап шыққаны болды. Халқымыз «Өнерлінің өрісі кең» дегенді бекер айтпаса керек. Патриоттық, лирикалық, заманауи әндерді қиналмай шырқаған би шебері түріктің әнін өз тілінде орындап, тәжіктің әнін қытайша тамылжытты.

Бар өнерін халқына арнаған биші өзі баулып жатқан бүлдіршіндерді де үлкен сахнаға шығарды. Сондай-ақ, кеште Шұғыланың өнердегі достары да өнер көрсетті.

Биімен танылып, әнімен таңғалдырған өнерпазды әнге ауысып кетуі мүмкін деген күманға қалдық кеш кезінде. Көкейдегі сауалымызға екіленбей жауап берген өнер жұлдызы: «Мен өнер адамымын ғой. Сондықтан ән мен биді қатар алып жүруге шамам жетеді»,-деп түйді.

IMG_34741-1024x682

Алдағы уақытта елде тұрақты қалуды ғана көздейтінін жеткізген Шұғыла Сапарғалиқызы жоспарын да жасырмады. «Жастарды бүкіл өнегре баулиын деген мақсатпен ашқан өнер орталығының жұмысын енді-енді бастап жатырмыз. Алдағы уақытта жаз бойы ел іші-сыртында өтетін көптеген кештерім жоспарланған. Соған қарамастан, күз айында тұңғыш ән жинағымды халыққа ұсынамын деп отырмын»,-дейді ол.

Қатысты Мақалалар