Министр Қасымов: Қазақстанда сәби сабаған өзбекстандық жазаланады

/uploads/thumbnail/20170709184413696_small.jpg

Осыдан 20 күн бұрын «Қамшы» порталы «Алты айлық сәбиді аяусыз құрған әйел» туралы материал жариялаған болатын.  Онда, Фариза атты қолданушы бөліскен видеода кішкентай сәбиді шапалақпен «Жап мына ауызды» деп сабаған әйелдің ісі «жұрттың үрейін ұшырған» еді. Бұндай қатігездік жасаған бала күтушінің Өзбекстаннан келген, Курманбаева Айгул Кожабайевна есімді эмигрант екені ғана белгілі болатын.

Бұл мәселеге байланысты «Қамшы» тілшісі дабыл көтеріп, ҚР Ішкі істер министрлігіне хабарласып, ресми ақпарат сұраған. ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев: Кеше интернет желісінде кішкентай баланы ұрып жатқан әйелдің видеосы жарық көрген болатын. Сол бойынша азаматша тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оқиғаның анық-қанығы белгілі болғанда мәселеге процессуалды баға берілетін болады», - деген еді.

Бүгін белгілі болғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов: «Қазақстан полициясы нәрестені аяусыз ұрған әйелдің ісін Өзбекстанға тапсыру бағытында жұмыс істеп жатқанын» баяндады.

 «Ол Өзбекстан азаматшасы, бірақ қылмысты біздің елде жасады. Қазіргі кезде ол өзінің мемлекетінде. Сондықтан да біздің қызметкерлер көрші елге барып, уағдаластыққа сәйкес тергеу жүргізді. Қазіргі кезде Бас прокуратура арқылы қылмыстық істің материалдарын Өзбекстанға тапсыру туралы мәселені шешудеміз»,-деп түсіндірді Қасымов. 

Қатысты Мақалалар