Талдықорғанда қойылған Елбасы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімін Instagram желісінде taldykorganec_insta парақшасы жарияланды.
Бұған байланысты Алматы облысы әкімі "Бұл - бүкіл Қазақстан үшін тарихи күн. Бүгінде тұңғыш президент, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескерткішін орнаттық. Қазақстан президентінің арқасында біз экономиканың барлық саласында оқ бойы алға шықтық. Гүлденудің нышанына айналдық", - деген.
Айта кетер болсақ, Президентке қойылған ескерткіштің басы бұл емес. Оған Астанада, Алматыда, Түркияда, Ресейде ескерткіштер қойылған.