Байқоңырдан ұшырылған тағы бір ғарыш кемесі апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20170709184454337_small.jpg

Байқоңырда ұшуға орнатылған "Союз-У"зымыран тасығышы. 29 қараша 2016 жыл.

Роскосмостың мәліметінше, Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған ғарышкері жоқ "Прогресс МС-04" жүк кемесі ауада жанып кетті. "Прогресс МС-04"-пен және оны тіркеп ұшқан "Союз-У" зымыран тасығышымен байланыс кеме 1 желтоқсанда ұшырылғаннан соң алты минут 23 секундтан кейін жоғалған. Байланыс қозғалтқыштың үшінші сатысы қосылғанда үзіліп, кеме орбитаға шыға алмаған. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Роскосмостың мәлімдеуінше, ғарыш кемесі Тувадағы халық аз қоныстанған таулы аймақтың әуе кеңістігінде жанған. Болжам бойынша, кеменің ең үлкен бөлшектері ауаның тығыз қабаттарында жанып кеткен. "Прогресс МС-04" халықаралық ғарыш станциясына 3 желтоқсанда жетіп, 2,4 тонна жанармай, құрал-жабдық пен азық-түлік жеткізуі тиіс болған. France Press агенттігінің Мәскеудегі тілшісі кеме бортында станцияда рождествоны атап өтуге арналған сыйлықтар мен тәттілер де болғанын айтады.

Тыва қарулы күштеріндегі РИА «Новости»  дереккөзінің хабарлауынша, ғарыш жүк кемесінің сынықтары дәл осы өңірге құлаған. Оның айтуынша, «Прогресс» деп аталатын кеменің сынықтары құлауы мүмкін орын  куәгерлердің сөзі бойынша тексеріліп жатыр.

Журналистерге куәгерлердің Тывадағы Иштия-Хем елдімекенінің тұсынан от жарықшақтарын көргені хабарланды.

Тыва мен Хакасия тұрғындары әлеуметтік желілерде от жарықшақтарын дәл ғарыш кемесі құлаған уақытта көргенін жазып жатыр.

Мәселен, Саяногорск (Хакасия) тұрғыны «В контакте» желісінде жергілікті уақытпен сағат 22:10-да аспаннан ромб тәрізді үлкен бір объект көргенін айтады. Оны олар метеорит деп ойлаған. Саяногорск тұрғындарының бірінің айтуынша, аспандағы белгісіз нысандар түрлі түсті болған. Интернетте ғарыш жүк кемесі сынықтарының құлағаны болуы мүмкін видео пайда болды.

Ресей 2015 жылы сәуірде "Прогресс" кемесі апатқа ұшыраған соң ұшырылымды үш айға тоқтатқан.

Айта кетер болсақ, соңғы жылдары Тұран ойпатында киік өлімі жиіледі. Бей ресми ақпарат бойынша бірнеше жүз мың киік жайылып жүрген жерінде қырылып қалған. Алаңдаған жұрт бұны Байқоңырдан ұшқан зымырандардан көреді. Улы гептилден тек жануарлар ғана емес экология да ауыр зардап шегіп жатыр. Алайда, билік бұл істің себебін басқаша түсіндіреді.

Қатысты Мақалалар