Ванга (Vangelia) 1911 жылы 31 қаңтарда дүниеге келді, 1996 жылы 11 тамызда қайтыс болды. Ол Петрич, Болгарияда өмір сүрді.
Ванга 12 жасында жанарынан айырылды. Алып құйынға тап болған ол, тірі табылғанда көзін тас, құм, лай басып қалған. Нәтижесінде соқыр болды.
Ванга 16 жасында болжап айтып бастайды, әкесіне ұрланған қойын табуға көмектеседі. Ол жасырынған қойдың есік алдын дәлме-дәл сипаттап береді. Оның сәуегейлік қасиеті 30 жасқа толғанда шынайы қалыптасты.
Көптеген мемлекеттік қызметтегі адамдар Ванганың көмегіне жүгінетін. Адольф Гитлердің өзі шақыртыпты. Ол Ванганың үйінен шыққанда абыржулы болып шыққан көрінеді.
Ванга 1996 жылы қайтыс болды және жаһандық өзгеріс тудыратын көптеген болжамдар айтып кетті. Солардың бірі – 2004 жылғы алып цунамидің болатыны немесе егіз-мұнараларға шабуыл жасалатыны жайлы болжамдар. Ал қазір, оның соңғы – 2016 жыл мұсылмандардың Еуропаға басып кіретіні жайлы жорамалы орындалып келе жатқан сияқты.
Ванга әжей Қытай 2018 жылы әлемдегі «бірінші держава» болатыны жайлы айтқан. Оған қоса, сол жылы Венера планетасынан «энергияның жаңа формасы» табылатыны жайлы айтып кеткен.
Атақты көріпкел АҚШ-тың жағдайы нашарлайтынын және «Афроамерикалық» президент солтүстік еліндегі соңғы «әрекеттегі» президент болатыны жайлы болжаған. «Афроамерикалық» президент АҚШ президентінің міндеттерін орындайтын соңғы президент болады деп айтқан болатын.
Вангелия Пандева Димитрова 1989 жылы егіз-мұнаралардың шабуылға ұшырайтыны жайлы айтқан болатын:
«Сұмдық! Америкалық бауырлар темір құстың шабуылы салдарынан құлайтын болады. Қасқырлар бұта түбінде ұлитын болады және жазықсыз қан төгіледі». (1989)
Айтқаны айдай келді. Нью-Йорктегі әлемдік сауда орталығы 2001 жылы 11 қыркүйекте терактінің салдарынан құлады. Егіз мұнаралар - «Brothers» (бауырлар) немесе террористер мінген ұшағы -«Темір құс» , «the bush» (бұта) АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джорж Бушты меңзеген болатын.
Тай жағалауында жойқын цунами болатынын да ескерткен. «Үлкен толқын ауылдарды адамдарымен қоса жайпап өтетін болады. Барлығы су астында қалады».
2023 жылы Жер орбитасынан қозғалатын болады.
Ванга сондай-ақ:
2043 жылы Римда шарықтау шегіне жететін Сирияда «Ұлы ислам соғысы» болады және соңғы Халифат қаланатынын, Еуропа тіршілігін тоқтататынын айтты.
Сәуегей әйелдің ең таң қалдыратын болжамы 1980 жылы айтқаны болатын: 1999 немесе 2000 жылы Курск су астында қалады және бүкіл әлем жылайтын болады. Болжамның сол уақытта еш маңызы болмағанымен, жиырма жыл өткен соң, ол болжамның рас екенін айғақтады. Ресейдің атомдық суасты қайығы 2000 жылғы тамыз айында жазатайым оқиғаға тап болған еді. Cу қайығы Курск қаласының атымен аталған болатын.
Және соңында ең фантикалық, ең апокалипсистік болжамы: «3797 жылы Жер бетінде тірі адам қалмайды» деп айтып кеткен.
Мұнда алдағы жылдарға арналған болжамдардың тізімі:
2016. Мұсылмандар Еуропаға басып кіреді.
2023. Жер орбитасында айтарлықтай өзгешіліктер болады.
2025. Еуропа тұрғындары соғыс нәтижесінде жойылып кетеді
2028. Жердің басқа да қуат көздерін табуға үміттеніп, Венера сияқты планеталарға саяхаттауға талпыныс жасайды.
2033. Полюстардың еруінен судың деңгейі өседі.
2076. Коммунизмның Еуропаға мен басқа да әлемге қайта оралуы.
2084. Табиғаттың қайта жандануы.
2100. Жаңа күн планетаның қараңғы тұстарына жарық түсіреді. Бұл 2008 жылы басталған ғылыми жоба, ядерлық энергияны пайдалану арқылы жасанды күнді орнатуға байланысты болуы мүмкін.
2170. Жаһандық құрғақшылық.
2187. Екі алып вулканның атқылауы.
2480. Екі жасанды Күн бір-бірімен соғысады, Жер толық түнекке айналады.
3005. Марстағы соғыс планетаның траекториясын өзгертеді.
3797. Жер өледі, бірақ адамзат дамып кеткендіктен, жаңа күн жүйесіне өтеді.
5079. Жер жүзі аяқталады.
Марал Шайхы