21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Кристины Радзиковскийді еске алуға арналып өткізілген әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Қазақстандық шахматшы Жансая Абдулмәлік жеңіске жетті.
Польшада өткен халықаралық әйелдер арасындағы турнирге әлемнің үздік гроссмейстерлары қатысты.
Аталмыш бәсекеде шахматтан Бакудың күміс жүлдегерлері мен өзгеде Еуропалық шахматшылар бақ сынасты. 9 турдың қорытындысы бойынша қазақстандық гроссмейстер Жансая Абдулмәлік бірінші орынға ие болды.
Турнирдегі жеңісінен кейін Жансая әлемнің ең үздік 50 шахматшыларының қатарына енді.