Әнші Sia Қазақтың бүркітші қызы Айшолпан туралы ән жазды

/uploads/thumbnail/20170709184500415_small.jpg

Әнші Sia Моңғолиядан бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы фильмге сундтрек болып табылатын «Angel by the Wings» атты жаңа әнін жазды. Джаз және поп стиліндегі орындаушы австралиялық Сия Ферлер режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» деректі фильміне баллада-саунд трегін орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Фильм ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы. Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де - қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова. Бүркітші қыз туралы деректі фильм 28 қазаннан бастап Нью-Йорк пен Лос-Анджелес кинотеатрларында көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн.

Сия соңғы жылдардағы ерекше көзге түскен әншілердің бірі. Ол жұртшылықты жұмбақтығымен таң қалдырып жүр. Ол жүзін жасыру үшін қара-ақ түсті парик киеді. Отто Белл Ұлыбритания режиссері, алайда Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан Нұрғайып әкесі, анасымен бірге 6000 мильді еңсеріп, Моңғолиядан АҚШ-қа, Парк-Ситиге келді. Бүгінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасының көрнекі тізіміне материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің шешіміне сәйкес аңға құс салу, қазақ күресі және т.б. енген. Аделаиданың 40 жастағы тумасының алғашқы альбомы 1997 жылы шыққан. Алайда Сия Ферлер 2008 жылы ғана танылды. Оның жеті альбомы бар. Көп орындалатындары - Titanium, Elastic Heart және Chandelier. 

Қатысты Мақалалар