Өліге саналған жас жігіт мәйітханада оянып көрпе сұраған

/uploads/thumbnail/20170709184504572_small.jpg

Польшаның Каменна-Гура қаласының тұрғыны өлі адам есебіне саналып мәйітханаға жеткізіледі. Алайда ол мәйітханада оянып мекеме қызметкерлерінен көрпе сұраған. 25 жастағы Камиль көп мөлшерде ішімдік ішіп бірнеше сағат бойы жезөкшелер үйінде жатқан. Ол көшеге шығысымен есінен танып құлап қалады. Жүргіншілер дәрігер шақыртады. Дәрігерлер келіп Камильдің жүрегі тоқтаған деп шешкен. Оған жансақтау бөлімінде көмек көрсетілмей, бірден мәйітханаға жіберіледі. Бірнеше уақыт өткен соң мәйітхананың тоңазытылған бөлімінде күзетші әлдебір шуды естіп қалады. Ол есікті ашқанда көрпе сұраған жас жігітті көреді. Медициналық тексеруден соң жігітке заттары мен киімдерін қайтарып береді. Өзінің аман қалғанын атап өтпек болған жігіт қайтадан ішімдік ішкен жеріне қарай кетіпті.

Қатысты Мақалалар