Жібек Мусинаны зорлағандардың туыстары да жазаланды

/uploads/thumbnail/20170709184509702_small.jpg

Сотта шу шығарғаны үшін сотталғандардың жақтастарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengirnews.kz Алматы облыстық соттың пресс-қызметіне сілтеме жасап. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434 бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданында Д.Мырзабеков пен Ж.Жәлімбетовтың әкімшілік іс қаралды. Оған сәйкес, 28 қарашада Еңбекшіқазақ ауданында өткен сотта, аталмыш екі азамат құқық бұзған. Соттың шешімі оқылғаннан кейін, Мырзабеков пен Жәлімбетов  полиция қызметкерлеріне тіл тигізген. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыпталып отыр.

Соттың шешімі бойынша 10 айылық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ж.Жәлімбетов пен Д.Мырзабеков өз кінәсін толық мойындап, 21 210 теңге көлеміндегі айыппұлды төледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар