Біз барлығымыз-пендеміз. Қателік жасауға құқылы. Алда -жалда, жасап қойған қате істерімізге айтар уәжіміз дайын:"пендеміз ғой". Қолымыздан бірнәрсе келмесе де, ақтап аламыз өзімізді:"пәленше де, жүр ғой, мен одан гөрі ...тәубә, тәубә". "Тәубагершілік" дұрыс,әрине, бірақ, ол бізді бір орнымызда тапжылмай ұстап тұратын бір күш. Менің байқағаным, біз өзімізден жоғарғыға еліктемейміз, оларға тек қызығамыз да, қызғанамыз, болды. Содан кеп, "Құдайға зар илейміз". Дұрыс емес жерде туыппыз-мыс, дұрыс емес отбасында туыппыз-мыс. Өзімізді жетістікке жеткізбей желкелеген жалқаулықпен күресу ойымызда жоқ. Қарап тұрсақ, бақытымызға да, бақытсыздығымызға да өзіміз себепшіміз. Ағылшын ғалымдары дәлелдеуі бойынша: айналамыздағы заттардың барлығы атом мен ядродан тұрады. Ал, ол атомның 99% энергиямен қамтылған. Біз де, тура солай миллиондаған энергиямен зарядталған атомдардан тұрамыз. Оған көңіл аударғанға дейін олар бейтарап, тыныш, керексіз, іске асуын күту күйінде қалады. Ал, егер оларды бір іске жұмсар болсаңыз, сәттілік, бақыт, байлықты өзіңіз жасайсыз. Әрине, бұл жайлы көп айтылып жүр. Біз жақсы ойлар арқылы болашаққа сигнал жіберіп, сол позитивті ойлар болашақта іске асады...т.с.с. Сонда тек ойласақ қана болды бақыттың кілтін таптым екен деген сөз емес. Адам сол ойының жетегінде әрекет етуі керек. Егер сізге күніне 86400 млн тенге тегіннен-тегін беретін банк болса, не істер едіңіз. Қуаныштан басыңыз айналып, ең бірінші өзіңізге ең қажетті заттарды алар едіңіз, сүйікті ісіңізге жұмсайсыз сосын отбасыңызды, сосын жақын достарыңызды қамтамасыз ете бастайсыз. Және сіз барлығын қуанышпен махаббатпен орындайсыз. Сізге ол ақшаны қайтарудың қажеті жоқ, өмір не деген қызық, тамаша, барлығы сізді жақсы көреді, сіз оларды. Білесіз бе, ондай банк бар. Ия, ия, біз күніге тегіннен-тегін 86400 секунд алып жатырмыз. Оны көбіне желге ұшырамыз. Ақша ғұрлы қадірі жоқ уақытты текке өткізіп, бақытсыз күн кешеміз. Отбасыға көңіл бөлмейміз, жақындарға бармаймыз, ол үшін: жағдай керек, жағдай болу үшін жұмыс керек, ал, қарапайым жұмыс бізге керек емес. Сатылай көтерілу, маңдай термен терлеп жету мүмкін емес, таныс керек... тағы да сылтаулар.
Өзі адал, өзгенің барлығы қиянатшыл. Анасынан жем тілеген балапандай, үкіметке қол жайып отыра береміз. Өмір сүріп, тіршілік етуіміз, өзімізге емес, өзгеге міндетті. Міне, осындай ұрпақ өсіп келе жатыр. Әрине, жоқ емес, бар, талантты жастар, бірақ, оларды осылардың қатарына өз қолымен қосатын қайран қоғам... Уайымы жеке басынан аспағанды ұлттың мәселесі қайдан қызықтырсын...
Балнұр Омар
Пікір қалдыру