Ресей Украинаға қатысты басқыншылық әрекетін тоқтатпаса, Пентагон Ресеймен ешқандай әскери байланыс орнатпайды, деп хабарлайды BBC. АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы қаржылық қорынан, Ресеймен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ақша жұмсауға тыйым салынды. Ресей АҚШ-тың бірнеше шартын орындаса ғана, ол өз күшін жоюуы мүмкін.
Біріншіден, Ресей Украина жерін жаулауын, Украинаның және Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы мүшелерінің біртұтастығына, тәуелсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерін тоқтату қажет.
Екіншіден, Минстік келісім бойынша Украинаның шығысында соғыс әрекеттерін тоқтату керек.
Пентагонның Ресеймен қарым-қатынасы туралы құжатта, «Қырымды Ресейдің тәуелсіз аймағы» деп мойындайтын кез-келген іске қаржыны пайдалануға тыйым салынған деп көрсетілген. Сонымен қатар, Ресеймен түрлі технологиялық салада әріптестікке жол жоқ.
2027 жылға дейін Ресеймен ракетаға қарсы қорғаныста да ақпарат алмасуға, Ресей және Қытаймен ракетаға қарсы қорғаныстың біріккен жүйесін жасауға болмайды.
2016 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп Пентагонның басшысы етіп - Джеймс Мэттисті тағайындады. Ол Ресейдің, Қырымда және Украинаның шығысында соғыс жағдайын орнатқанын қатты сынған алған.
Пікір қалдыру