Ақылы оқыту – тар жол тайғаққа салу

/uploads/thumbnail/20170708150739931_small.jpg

 Әр мақаласын оқыған сайын шабан намысымызды қамшылап отыратын «Қамшы» сайтынана Құл-Керім Елеместің «Мемлекет өз ұрпағын ақылы оқытып қашанғы қорлайды? ! деген мақаласын оқып үлкен ойға қалдым.

 Рсында садақаның ең үлкені білім іздегенге көмектескен дейді.  Ал білім іздеу, дін үшін майданға шыққанмен пара – пар екен.  Алайда біздегі жүйе осы сауаптарға  салғырт қарайтын сияқты.  Мәселен ақылы оқу деген болашақ мемлекет тұлғасын тар жол тайғаққа салу деген сияқты.  Ал грант беру өте дұрыс.  Дегенмен оқу орнындарында студенттерден ақша жинау деген әлі бар, оның ішінде грант иегерлеріне бұл қамшы батыңқы тиеді.  Бірақ бұл сөзімді мемлекеттік құызметкерлер еш дәлелсіз деп жоққа шығарары сөзcіз, алайда  қара халық болған соң талай мәрте куәгер болдым.

 Өзге дамыған елдердегі студенттерге жасалатын қамқорлықты айтпай-ақ қояйық.  Бірақ ТМД елдерінің ілгерісінен үлгі алуға болады ғой.  Мәселен оқу бітірген маманды жұмысқа тарту жөніне келетін болсақ.  Ата-ана баласын 4-5 жыл бойы сабылып жүріп оқытады да, соңғы жылы қай жерге жұмысқа тұрғызамын деп басы қатады. Яғни, парасын бере алатын жер іздейді.

 Сонымен қатар қандайда бір мекеме болмасын маманның қандай дәрежеде оқығанына назар аудармайды.  «Үздік», «Қызыл» диполм дегендер тек оқу бітірген кездегі беделден аспай қалды.

 Тағы бір мәселе ата-аналар мен түлектер мектеп бітірген бойда басшы болуды ғана ойлап ұмтылады. Болмаса кәсіптік саланы меңгеріп, бір саланың маманы болды ойлайтындар аз.  Мәселен қандай бала болса да болашақта прокурор, сот, мекеме басшысы болуды армандайды және соған талпынады. Сөйтеді де ондай қызметте қазметтік сатылу пайда болып, ақшасы көп сауатсыздар таққа отырады. Ал мықты дәнекерлеуші, сушы, егінші, мал дәрігері болуды армандайтындар аз.  Тіпті жоқ деуге де болады. Мәселен Сыр өңіріндегі егінге 250-ге жуық сушы керек болса, ол салада қазір 10-15 ғана маман жүр.  Мұның себебі Үкімет қара жұмысшыларға назар аудармай отырғандығы.

 Бұдан кейінгі мәселе ақысыз сырт елге барып «Болашақ» бағдарламасымен оқып келушілер. Олар талап бойынша  оқуын бітірген соң елге келіп 5 жыл жұмыс жасау керек. Бұны орындағысы келмегендер қазірде оқып болған соң сол жақта қалып қояды.  Ал біреулері елге келіп 5 жыл қызмет етейін, сосын міндетті түрде Қазақстаннан кетемін деп жүргенін естідік.  Тіпті грантпен оқыған, еті тірі, білімді жастарды ертіп кеткісі келетіндері де бар. Ондайлардың кейбірі сырттың жайын білген соң өздері де кеткісі келеді.

 Айналып келгенде көбіне сол ақылы оқығандар елге қызмет етіп отыр.  Бірақ олардың өздері де ауылға барып жұмыс жасауға пейілді емес. Ал ауылдағы қай-қайсы бір маманға барын алдағы жоспарын сұрасаң, қалаға барып басшы болсам дейді.  Міне, біздегі мамандықтың алдағы арманы сол.  Жастар тек басшы болуды және қалада ғана жұмыс жасауды армандайды. Сонда кім кәсіптік білім алып, ауылға барып жұмыс жасайды. Міне, мәселе осында.

Сәкен Алдашбаев

Қызылорда қаласы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар