Өлеңдері ар-намыс ережесі, дастандары - тарихтың ағыны іспетті, «төрт ананы» қорғау жолында жан аямай жүрген Қазақтың қайсар ұлы, біздің сүйікті ағамыз Мұхтар Шаханов 70 жасқа толды. Осынау Алаштың асыл ұлын ардақтау елге сын, ағайын! Қабанбай, Бөгенбай, Ер Жәнібек аталарымыздың жолымен ұлтын "Қазақстандық ұлт" деген апаттан құтқарып қалғанының өзі неге тұрады. Алла Мұхтарымызға енді 70 жас берседе бізге аздық етер, Аман жүре берсін азаматымыз! Өз басым Нұрсұлтан Әбішұлын білмейтін кезімде Мұхтардың өлеңдерін оқып өстім. Құдайдың құдыретіне мың шүкір! сонау Баркөлдің бір тауының қуысында жатып жырын жаттаған адаммен Алматыда кездесіп, қуанышымнан не істерімді білмей елегізгенім әлі есімде. Қолына су құйып, ақылын тыңдауғада жарадық. Жүрегі ауырып, жаны қиналған кездері аз болған жоқ қой, сондай шақ енді басына келмейді емес, әлі талай келтірер зұлымдыққа құныққан қомағайлар. Сол кезде біздердей рухтас інілері бар екенін есіне алып, марқайып жүретін болсын!
Өлеңдері – парасаттың пайымы, Дастандары – тарихтың қайығы, Әрбір сөзі – ар-намыстың ұраны Әрбір үні – Алашымның айбыны!
«Төрт анасын» қорғаймын деп алысқан, Ата-баба рухымен қауышқан, Тж-ларды табанмен таптатып, Ұлылардың дүбірімен жарысқан! Бейуаздарға араша боп күрескен, Зұлымдарға найза болып тірескен. Шындықпенен әділдікті ту еткен Осылайша сүйген елін жүрекпен! Жауыздықты кеудесімен тосатын, Рух жыры қаламымен босатын, Бәйтерегі қазағымының батыры Біздің ұлы Мұхтарымыз жасасын!!! Жағымпаздық, пендлікке бармаған, Өмірін тек ел-жұртына арнаған, Сіздей ұлмен қуанады мынау ел, Сіздей ермен құлпырады кең далам! Сіздерге еру – нағыз жігіт, жасқа сын, Сіз тұрғанда кімдер бізді жасқасын! Аман болып елі-жұртың, отбасың Алла қолдап, жамандықтан сақтасын. 70 деген аз ғой сіздей ұланға, Ел-жұртына керек болып тұрғанда, Жемісі мол, 100-ден асар жас беріп Қия тұрсын Сізді бізге бір Алла!!!Астана
сурет baq.kz-дан алынды
Пікір қалдыру