Тағы да сын

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 Әкімдер тағы да сынға ұшырады. Бүгін "Астанада өтіп жатқан  ҮИИДМБ іске асыруға арналған индустриялық форумда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық қамту бойынша тиісті жұмыстарды атқармай отырған әкімдер мен ведомстволарды сынға алды"- деп хабарлайды  «Қазақпарат» агенттігі.

 Елбасы қазақстандық қамту бойынша  «Теңізшевройл» компаниясында көрсеткіш 4 пайыздан астам, Қашаған жобасында 2 пайыз, «Ақтөбемұнайгаз» компаниясында 1,4 пайыз, «Қазхром» компаниясында 3,8 пайыз деңгейінде екендігін атап көрсете отырып, жергілікті басқару орындарының қызметтеріне сыни көзқарас танытты.

«Біз қазақстандық қамтуға белсенді кіріскен болатынбыз. Алайда, өткен жылы мемлекеттік органдарда өнімді сатып алу көлемі 5 пайызға төмендеді. Яғни, өсім болған жоқ», - деді Елбасы.

«Мен осы компаниялармен аталған мәселе тұрғысында жұмыс істемей отырған әкімдерді назарға алғым келеді. Сонымен қатар тиісті жұмыстарды атқаруы тиіс министрліктер де көңіл бөлуі қажет», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Аталмыш компаниялардың Қазақстан аумағында болғандықтан оның басшылары қазақстандық қамту бойынша ел заңнамасының талаптарын орындауға міндетті екендігін еске салды.

«Бұл ахуал шешімді түзетулерді қажет етеді. Үкімет осы жағдайды түзетуі тиіс. Отандық тауарларды сатып алуда кен орындарын пайдаланушыларды ынталандыру үшін керек болса нормативтік базаға сәйкес өзгерістерді енгізу қажет. Бұл мәселе тұрғысында қажеттілік етсе заңнаманы да қарастыратын боламыз», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар