"Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың"-деп сөз қалдырыпты Шығыс шайырлары.
Кеше ғана Тараз қаласының төрінде Нұр Отан ХДП-ның ұйымдастыруымен "Отбасым - тірегім, Отаным - жүрегім" атты Республикалық айтыс өтті. Сол айтыста Біржан Байту: "Өзгелерге Тараздың қыздарын жарнамалап тұрғандай екен, бұл қазақы болмысымызға жат"-деп Шығыс шайырларының жоғарыдағы сөзін сынға алды.Осы сәтті күтіп отырса керек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жұрт көзінше қала әкіміне тапсырма беріп, ол сөзді басқа сөзге өзгертуін тапсырды.
Аталы сөзге тоқтау деген бар. Тоқтау айтқан сөзді сынға салу тарихымызға сын. Әгәраки, әкімнің айтқаны орындалса, ендігі жерде басқа қандай сөзбен ауыстырмақ ойлары бар екен, әліптің артын бағалық.
Марғұлан Ақан
Пікір қалдыру