«БЕШБАРМАҚ» Рымбаева!

/uploads/thumbnail/20170708152948842_small.jpg

Әдет пе  мынау оңғандай, Күй кештім кенет тоңғандай... Не болған саған, Роза, Қазақтың асын қорлардай?..   Не деуге болар бұныңды, Кім ұғар менің мұңымды? Осы бір жолға бастапсың Тағы да туған ұлыңды.   Көк еді әлде ақ еді, Сор еді әлде «бақ» еді. Ал, ана сақал Абдуллин – Сөз өтпес «Бешбармақ» еді.   Соңғы атпен есте қаларсың, Бұл жолда күйіп-жанарсың... Роза, сен де Нұрландай «Бешбармақ» атын аларсың.   Өнердің мәлім жайы да, Биігі, құрдым сайы да... Дейді ғой енді  сені жұрт: «Бешбармақ Рымбаева».   Қазақты неге қорладың, Ананы неге қолдадың? «Мақтаған қызы...» ұлтыңның, Болмадың, енді болмадың...   Ақылға сыймас бұл тегі, Көңілім неден үркеді?.. Онсыз да Қазақ бүгінде Қорланып жүрген ұлт еді.   Қазақтың Етін қорлаған – Қазақтың өзін қорлаған. Мазағын неге қолдайс ың, Ана біреулердің оңбаған?..

  Жұмаш КӨКБӨРІ, 03.07.2014 жыл

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар