Үкімет сағатында өткен жиында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы он шақты телесериал жарыққа шығатынын айтты, - деп жазады Baq.kz сайты.
Министр түсіріліп жатқан отандық туындылар өте сапалы болады деп сендірді. Сондай-ақ, үнді кәріс, түрік сериалдарынан да бас тарта алмайтындығын тілге тиек етті. Себебі, олар үлкен сұранысқа ие екен.
«Әсіресе, ауылды жерде көретіндер көп. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірте-бірте азаяды деп ойлаймын. Мемлекеттік арналар бұл сериалдардан бас тартатын шығар. Ал дәл қазір бұл сериалдардан толық бас тартатын болсақ, қазақ телеарнасының аудиториясы шетелдік арналарға кетіп қала ма деген қорқыныш бар. Сондықтан балансты сақтауымыз қажет деп ойлаймын», - дейді Дәурен Абаев.
Пікір қалдыру