Евровидение -2017 өту орны төңірегіндегі дау әлі де жалғасып келеді. «Москваның биылғы байқаудың өту орны болу мүмкіндігі туралы сөз қозғады» деп хабарлайды, германиялық басылым Bild. байқаудың ұйымдастырушы комитетіне сілтеме жасап.
«Елестетіп көріңізші, -деп дабыл қағады Bild. – Украина 2016 жылы Россияны шаң қаптырып, Евровиденияны жеңіп алды. Енді, қаражат жетіспегендіктен Евровидение-2017 Москвада өтуі керек пе? Президент Петр Порошенконың айтуынша, Россиямен «нағыз майдан» жағдайындағы Украина үшін, бұл оқиға барып тұрған сұмдық.
Украина парламенті өз кезегінде: «Евровидение-2017 саяси мәселе емес, әңгіме музыка жөнінде. Бірақ, бұл мәселе Россияның бізге деген теріс көз-қарасын тағы да айқындай түседі.» - деген болатын.
Аударған : Балнұр Омар
Пікір қалдыру