Жасылдар партиясының атынан президенттік сайлауға түскен Джилл Стайн дауыстарды қайта есептеуге қаржы жинайтын компания құрмақшы деп хабардайды bbc.com. Өткен демалыста дауыстарды қайта есептеуге 6,5 млн доллар жиналды. АҚШ-та әрбір үміткер дауыстарды қайта есептеуді талап ете алады. Ол үшін оған кететін қаражатты төлеуі керек.
Стайнның мұндай бастаманы көтеруіне, сайлау кезінде дауыстарды санайтын машинаны хакерлердің бұзуы себеп. Қайта есептеуге Хиллари Клинтон да қосылды. Алайда, оның жақтастары Клинтонның сайлаудағы нәтижесі өзгере қоятынына күмән келтіреді. Себебі, Дональд Трамп Хиллари Клинтоннан Виконсин, Мичиган және Пенсильванияда он мыңдаған дауыспен басым түскен.
Клинтонның сайлау штабы Ресей тарапынан хакерлік бұзуды әшкерлеу үшін екі апта жұмсаған. Алайда, ешқандай дәлел таппаған. Бұл жөнінде Клинтонның сайлау штабының бас заң кеңесшісі Марк Элайяс «Medium» сайтында жазған.
Қылмысты алдын-алу орталығының президенті Джон Лотта National Review журналында америкалық сайлауға арналған машиналар ғаламторға қосылмағандықтан, хакерлер оны бұзуы мүмкін емес деп мәлімдеген.
Мичиган мен Пенсилваниядағы қайта есептеу әлі басталмады.
Пікір қалдыру