Бүгін Түріктер алғашқы спутнигі «Көктүрік-1» жер серігін ұшырады

/uploads/thumbnail/20170709184557451_small.jpg

Бүгін, Астана уақытымен 19:51 минутта Француз Гвианасы Коруоу ғарыш айлағынан Түріктің «Көктүрік-1» жер серігі ұшырылады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Айта кетер болсақ, аталмыш ғарыш айлағы Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Францияның отарлық территориясы.

Аталған спутник Түрік Қарулы Күштерінің нысаналық деректерді алуына, бақылауына арналған әрі Түркияның ақпараттық қауіпсіздігін қорғау мақсатында ұшырылады. Спутник ұшырылу барысында Түркияда да салтанатты жиын өтіп, ресми билік Ақынжы әуебазасында тікелей эфирден тамашалайды.

Көктүрік атауын иеленген жер серігін жасауға Түркия билігі 2009 жылы тапсырма берген. Сол мақсатта Түркия қорғаныс министрі 2009 жылдың 13 тамызында Finmeccanica/Thales компаниясымен келісім шартқа отырған.

Vega тасығыш зымыранымен ұшырылатын ұшырылғанынан 59 минуттан кейін күн панельдерін ашып, жұмысын бастайды. 90 минутта Жер орбитасын бір айналатын спутник жыл сайын 60 мыңның үстінде сурет түсіріп, дерек жіберетін болады. 

90 минутта Жер орбитасын бір айналатын спутник жыл сайын 60 мыңның үстінде сурет түсіріп, дерек жіберетін болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар