Қытай ығыстырған Түркия Қазақстанды қолданбақшы

/uploads/thumbnail/20170709184612228_small.jpg

Тарихи жібек жолын қайта жандандыруға оқталып жатқанда, Қытай тосын шабуылмен Түркияны шет қалдыруға ұмытылып жатыр.

Бұл туралы Түркияның цитрусты жарнамалық тобы баяндаған. Топтың дирекция мүшесі әрі Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағы төрағасы  Ахмет Хамди Гүрдоған: «Қытай, Грузия арқылы Қаратеңізден өтіп және Оңтүстікте Кипрді қолдану арқылы Түркияны  by-pass етуге тырысуда» деген. Гүрдоған болса «Біз де Қазақстанмен бірлікте Ro-Ro және пойыз-паром желісін құрайық, Қазақстанды база ретінде қолданып шабуыл жасайық» деген.

Түркиянвң Қазақстанға цитрусты экспортын арттыру мақсатымен Алматыда өткен презентациясында  сөйлеген Гүрдоған «Қытай, Грузияныңның батысындағы Анаклияға Түркиядағы барлық порттардан екі есе қуатты порт салып жатыр.  Бұл порттарға темір жолымен келіп, Қаратеңізден теңіз жолы арқылы Еуропа нарығына шығуды нысана етіп отыр. Осылайша, өнімді жеткізу уақытын 10 күнге қысқартады. Грузиядағы Анаклия порты мен Румынияның Констанца порты арасында пойыз-паром және (Ro-Ro) ролкер желісін құрып, Түркияны by-pass етпекші. Қытай, Кипрде(Оңтүстік Кипр) порт салды. Түркияны екі жақтан да оқшауландырып жатыр. Еуропа одағына альтернатив аймақ үшін тездетіп іске кірісуіміз керек», деді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар