Жақында досымның кішкентай қызынан өскенде кім болғысы келетінін сұрадым. Ол Президент болғысы келетінін айтты. Сол жерде тұрған ата-анасы либерал демократтың мүшелері еді. Мен: "Егер сен Президент болсаң, ең бірінші істейтін ісің не болмақ?" деп сұрағымды жалғастырдым. Ол: "Барлық үйлері жоқ адамдарға тамақ пен үй беретін едім" деп жауап берді. Қызының мұндай жауабына ата-анасының еңсесі көтеріліп қалды.
"Бəрекелді...Қандай игі мақсат!" дедім. – Бірақ сен Президент болғаныңды күтпесең де болады. Сен менің үйіме келіп, көгалдарды шауып, арамшөптерді тазартып, есік алдын сыпырып тұрсаң, мен саған 50$-дан төлеп тұрамын. Сосын сен 50$ еңбекақыңды алып, үйсіз адамдарға апарып бересің. Олар оны тамақ пен жаңа үйге қолданатын болады, – дедім.
Ол біраз ойланып тұрды да, маған тіке қарап тұрып: "Егер сіз оларға 50$ төлейтін болсаңыз, үйсіз адамдар өздері келіп, неге сол жұмыстарды өздері істемейді?" – деп сұрады.
"Республикалық Партияға қош келдің!", – дедім.
Оның ата-анасы содан бері менімен сөйлеспейтін болды.
Ағылшын тілінен аударған Шайхы Марал
Пікір қалдыру