Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауар» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен Индустрияландыру күні аясындағы Жалпыұлттық телекөпір өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен индустриялық және инфрақұрылымдық жобалардың тұсауы кесіледі.
Шараға мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар басшылары, әкімдер, ҚР Парламенті депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшылары, өткен жылдардың жүлдегерлері, 2016 жылғы жеңімпаздар қатысады деп күтілуде.
Пікір қалдыру