Қазақтың жазушысы көше кезіп жүр немесе Игілік Әймен қазір қандай халде?

/uploads/thumbnail/20170709184616184_small.jpg

Қазақтың талантты да текті жаратылған пендесі Игілік Әймен (Иген) – жазушы, ақын, сыншы, көсемсөзші, пәлсапашы ауыр халде жүр деген ақпарат ғаламтор бетін шарлап жүр. Негізі бір жыл бұрын abai.kz порталының facebook парақшасы мынандай ақпаратпен бөліскен еді:" Бір Құдай «ауыр» қыла көрмесін ғой – ал, анығында, Игілік Әймен көше кезіп жүр. Жататын жайы, ішіп-жейтін асы жоқ есебі. Өзі, 2-інші топтағы мүгедектікте. Жасы болса, 63-ке тақады. «Тағдыр тәлейі» дейміз ғой, деген де, «гүлденген Қазақстанымызда» бір ақын-жазушымыз – «тік жүріп, тура сөйлеп келе жатқан» – осыншалық қорлықты басынан өткеріп жүргенде: қайсымыздың жеріміз кеңейіп, қалтамыз қампия қалар екен?.. Көмек қолын созып, қайырымдылығымызды – мұсылмандығымызды білдірелік!..Жазушылар Одағының «Астана» бөлімшесі. 27 желтоқсан, 2015 жыл".

Торғайлық белсенді Дәулет Серікбай бір күн бұрын өзінің facebook парақшасында былай деп жазды:

"Қазақтың дарынды жазушысы, көсемсөзшісі, әдебиет сыншысы Игілік (Иген) Әйменнің жағдайы қиын екен. Әйелі 7 жыл бұрын қайтыс болған. Содан бері жалғыз өзі Астанадағы Көкталдан пәтер жалдап тұрып жатыр екен. 2-ші топтағы мүгедек. Азғантай зейнетақысы пәтері мен еміне әзер жетеді, кейде апталап қара нанды ғана талғажау ететін күндері болады. Қаланың ауруханалары есігінен қаратпайды екен. Көкталдағы амбулаторияның мейірімді басшысының арқасында ғана ем алып жүр. Талай жазушылардан көмек сұраған, бірақ бірен-сараны болмаса, көбісі көмектеспек тұрмақ халін сұрауға жарамаған. 3иялы деген аттары болмаса сүрінгенді мысқылдап талауға дайын, халықтан көрі қара басын ойлайтын зиянды жазушылардан не қайыр бар дейсіз. Бар алданышы ұлтық академиялық кітапханаға барып кітап оқу. Қанша қиындық көрсе де рухы сынбаған, ұлттың мәселесін кейбір жазушылардан артық көтеріп жүр, өзі мүгедек болса да елдің қамын ойлайды. Жазушылардан үміт үзген ағамыз халықтан көмек сұрайды. Мүмкін аз-маз ақшалай көмектесерсіз, мүмкін барып жағдайын сұрарсыз. Пайғамбар жасынан асқан жазушының осындай күйде жүргені елдігімізге сын ғой.
Хабарласамын десеңіз Игілік ағамыздың телефон нөмірі - 8775 396 1634".

"Қамшы" порталы өз оқырмандарын, әсіресе, Астаналықтарды аталмыш жағдайға бейжай қарамауға, Тәуелсіздік күні қарсаңында қарымды қаламгерге көмектесулерін сұрайды.

Картинки по запросу

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар