Путин жұмысын сәтті аяқтауды армандап жүр

/uploads/thumbnail/20170709184621439_small.jpg

Ресей президенті Челябинскідегі «Этерно» зауытының жұмысшыларымен кездесуде жұмысын сәтті аяқтап, саяхаттағысы келетінін айтты деп хабарлайды РБК.

«Менің барлық саяхаттарым әуежайдан ғимаратқа, қайта әуежайға барумен шектеледі» деп шағымданған В.Путин,  табиғатта серуендеп, тарихи жерлерді аралауды армандайтынын да айтып қалды.

            В.Путиннің 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысатыны әзірше белгісіз. Bloomberg берген сұхбатында алға қойған жоспарлары мен мақсаттары орындалса, президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан. Өзі Ресейдің болашақ президенті ретінде жас адамды көреді екен.

2015 жылдың наурыз айында В.Путин 2018 жылғы президенттік сайлауда басқа адам мемлекет басшысы болу мүмкін деген еді. 

Қатысты Мақалалар