Ақботаның айыппұлын Баян Есентаеваға кім төлейтін болды?

/uploads/thumbnail/20170709184622129_small.jpg

"Кешью" тобының продюсері Баян Есентаеваға Ақботаға үйленетін жігіт айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына телефон арқылы берген сұхбатында айтты.

"Біз Ақбота тұрмысқа шығатын жігітпен келіссөздер жүргіздік. Ол Ақботаның келісімшарты барын, оған өз еркімен қол қойғанын, құжатқа жасы кәмелетке толып барып қол қойғанын түсінбей, істің байыбына бармаған.

Онымен түсіністік. Сондықтан ол келісім-шартта көрсетілген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейтін болады. Егер әрбір қызымызды айыппұлсыз жіберетін болсақ, түгіміз қалмайды", - деді ол.

Қатысты Мақалалар