Елбасы алда келе жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрменің орналасу нысандарының хал-ахуалын білу мақсатында «Astana Group» компаниясының төрағасы Нұрлан Смағұловтың жобаны таныстыру отырысына қатысты. Отырыс кезінде жұрт алдында сөз алған Н.Смағұлов әртүрлі нысандарды атап келіп, «Мега-Плаза» атауын айтқан кезде Елбасымыз: - «Мега» -дан басқа атау жоқ па? Бұл барлық жерде бар бірегей атау емес пе,-деген сұрағына Н.Смағұлов: - Бізде «Нұр-Плаза» дейтін де вариант бар. Егер сіз рұқсат етсеңіз. «Нұр-Плаза» жақсы атау болары еді, қарсы бетте «Назарбаев университеті» бар дегендей... - Сен өзің бұлай жағымпаздануды қайдан үйренгенсің? - ӨМІР ҮЙРЕТТІ! Бұл жақсы атау, «Нұрлан» деген ат барлық жерде бар... - Онда «Нұрлан-Плазма» деп атайық... Жақсы оны ақылдаса жатармыз.
Ел басымен «Forbes» журналының « Қазақстандағы 50 бай» айдарына кіретін Нұрлан Смағұловтың арасындағы отырыс ары қарай нысандарды талқылаумен аяқталды.
Марғұлан Ақан «Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру